«Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының үміткерлері анықталды
Үлкен өмірге қадам басып келе жатқан жастарға қолдау керек ақ. Ал жастардың жанды жері-баспана. Елімізде жастарды баспанамен қамту мәселесіне жоғары деңгейде көңіл бөлініп келеді. Оны Президент Қ.Тоқаев та өз назарына алды. Өйткені, іске жарамды, идеясы мықты жас кадрдың үйсіз-күйсіз жүргені оның жұмысқа деген ынтасын төмендетуі мүмкін. "Ақтөбе жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысамын деушілер қатары көп. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі жастарға жеңілдікпен баспаналы болуға мүмкіндік береді. Ерекшелігі сол, жұмыс істейтін аудан және ауыл жастарына басымдық берілді. Келіп түскен 1834 өтінімнің ішінде 1226 өтінімге теріс шешім берілді. Ал 608 өтінімге іріктеу комиссиясымен бағалау жүргізілді. Тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға 1 млрд.теңге бөлінді, оның 500 млн. теңгесі - жергілікті бюджеттен. Үміткерлердің тізімін толығырақ E-aqtobe порталынан толық білуге болады.Количество показов: 418
Дата создания: 09.10.2024 06:26:18