Ақтөбе полициясының басшылары тұрғындармен кездесті
![]() |
Облыстық ІІД, қалалық ішкі істер басқармасы, жол полициясы басшылығы бүгін қаланың ескі бөлігінің тұрғындарымен кездесті. Жүздесу Уәлиханов көшесіндегі №2 полиция тірек бекетінде өтті. Жаяу жүргіншілерден сұрақ облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Сырым Ержановқа қойылды. Орталық базар маңындағы көп қабатты тұрғын үйлер мен жатақхана аулалары көлік тұрағына айналып болған әбден. Сол маң тұрғындары бас жол сақшысына осы мәселені шешіп беріңіз деп қолқа салып отыр. Сырым Ержанов сұрақты қала әкімдігіне бағыттауға уәде етті. Жеке мәселемен келген ақтөбеліктер сол жерде арыздарын жазып, қалдырып кетіп жатыр. Қаныбек Жақсығалиевтің сендіруінше, тұрғындардың сұрақтарына 20 күннен соң жауап қайтарылады. Ал мұндай жиын алдағы уақытта айына екі мәрте өтіп тұрады. Сақшылар келесіде Тургенев көшесінің тұрғындарымен кездеседі. |
Количество показов: 2367
Дата создания: 17.01.2013 19:00:50