Облыстық көші-қон полициясы басқармасындағы ұзын-сонар кезекке не себеп?
Облыстық көші-қон қызметі басқармасының алды ұзын-сонар кезек. Мигранттар ғимаратты таңғы 5 тен бастап торуылдауға мәжбүр. Құжаттарын түгелдеймін деп ведомоствоның алдында 3-4 күн бойы түнеп жүргендері де жоқ емес. Ел аумағына келген шетел азаматтары ережені жақсы біледі.Қазақстан Республикасында уақытша, тұрақты тұруға рұқсат немесе виза алу үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды міндетті дактотіркеу көзделген. Алайда, бұл функция бірнеше күннен бері қолжетімсіз болып отыр. Әуе-сарсаңға түскен шетелдіктер барарға жеріміз жоқ, деп налиды.
Миграция саласының қызметкерлері аһуалмен жақсы таныс. Алайда шетел азаматтарының шыдамдылық танытып, күтуден басқа шарасы жоқ екендігін жеткізді. Дактилоскопия тіркеуінен өткізетін база тек Ақтөбеде ғана емес, ел бойынша баяу жұмыс істеп тұрғанын тілге тиек етті. Ал көктем басталса өңірімізге ағылатын еңбек мигранттарының маусымы әлі алда. Кезек бұдан да көбеюі бек мүмкін. Сала мамандары база қызметі қайта жанданғанын хабарлады. Енді мигранттарға саусақ іздерін тапсыру жұмысы жеңілдеуі тиіс. Ал көші-қон басқармасының мамандары таңғы 8 ден кешкі 8 ге дейін жұмыс істеуге дайын. Сенбі күні, яғни ертең де бұл ведомоствоның есігі түске дейін ашық болмақ.
Міндетті дактилоскопиялық тіркеу елімізде былтыр басталды. 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, ҚР барлық азаматтары және елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар дактилоскопиялық тіркеуден ерікті негізде өтеді. Саусақ іздерін алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлікті, паспортты, шетелдіктің елде тұруға ықтиярхатты және азаматтығы жоқ адамның куәлікті ресімдеуі кезінде жүргізіледі.
Количество показов: 58
Дата создания: 12.04.2025 10:07:03