Абай мұрасы халық ұлағаты
Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ алтын қазынасы. Жылдар өткен сайын халқымыз ғұлама ақынның рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде. Кітапханада да ең көп сұранысқа ие оқулықтардың бірі- Абай шығармалары. "Абай жолын оқымаған қазақ-қазақ емес" дейді ғой, себебі қазақтан әлем танитын, еңбегіне бас иетін Абай бейнесі соншалықты құнды.Оқушылар Абайды оқып сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерімізді шыңдаймыз, тіл байлығымызды, сөздік қорымызды дамытамыз, дейді. Ұлы ақынның 45 қара сөзі тәрбие құралы. Тұнып тұрған философия. Оны оқыған бала мейірімді, еңбекқор әрі адамгершілігі мол болып өседі, дейді ұстаздар қауымы. Ал Абайдың шығармалары жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстауға шақырады. Сүйікті ақындарының құрметіне арналған шараға жеткіншектер де қуана қатысуда. Шараның мақсаты- Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп оқу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.Количество показов: 43
Дата создания: 11.04.2025 08:01:21