Сүт зауыты ауданындағы ескі демалыс орталығы тұрғындардың зәресін ұшыруда
Түнімен бұрынғы қонақ үйдің қазіргі "қонақтары" өнер көрсетеді. Айқай-шу, ішіп алғандар мұнда білгендерін істейді. Жақындауға қорқамыз, әсіресе түнде үйден шығудан қалдықғ дейді көршілер.Дубинин көшесіндегі 30-ші нөмірлі ғимарат 90 жылдарға дейін көп қабатты тұрғын үй болған екен. Үйдің бірінші қабатында азық-түлік дүкені жұмыс істеген. 90-шы жылдары ғимаратты сатып алған кәсіпкер монша мен қонақ үй ашады. Бизесі тоқтап қалған соң, ғимарат басқа адамның иелегіне өтеді. Он жылдан бері бос тұрған ғиамарат ішімдікке салынған жандардың тұрақты мекеніне айналған. Бос тұрған ғимараттың қазіргі қожайы да бұрынғы демалыс орнын сатуға шығарыпты.
Ғимараттың қожайыны денсаулық жағдайыма байланысты қонақүйді қайта қалпына келтіруге мүмкіндік болмағандықтан, сатуға қойдым, дейді. Айналасы тас- талқан болып жатқан ғимараттың ішкі жағдайы да келісіп тұрған жоқ. Ит пен мысықтардың өлекселері, жағымсыз иіс қолқаны қабады.
Количество показов: 44
Дата создания: 12.04.2025 10:15:07