Ақтөбеде абаттандыруға қатысты құқықбұзушылықтар әлі де азаяр емес
Қаламыздың көгеріп, жасыл-желекке айналғаны әрине жақсы. Дегенмен, көше бұзақылары вандалық әрекеттерін доғарар емес. Бұзақылар осыдан бірер күн бұрын отырғызылған 60 қарағайдың бірін сындырып кетіпті. Қасақана жасағандай түбімен қопарып алған. Бұл 60 түп қарағай Мәртөк ауданындағы орман шаруашылығынан жеткізілген.Қаламызда абаттандыру, көшет отырғызу жұмыстары көктем келгелі басталып кетті. Қала тұрғындары да қаламыздың "Жасыл Ақтөбе" болғанын қалайды. Қала орталықтарына ғана емес шет жақтарға да мән берсе екен, дейді.
Қаламызда абаттандыру жұмыстары жалғасын таппақ. Жақында тағы демеушілердің қолдауымен 11 бос учаске абаттандырылып саябақтарға айналады. Оның ішіне Алтын Орда, Мұстафа Шоқай мен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысы және Автовокзал сынды аймақтар кіреді. Бұл бос кеңістіктерге ағаштар отырғызылып, суару жүйесі тартылмақ. Сондай-ақ, орындықтар, балалар алаңдары мен түнгі жарықтандыру шамдары қойылады.
Количество показов: 49
Дата создания: 10.04.2025 07:11:17