Ақтөбеде картоп қымбат
Көкөніс қоры таусыла бастаған көктем айларында жыл сайын картоп бағасы да қымбаттайтын. Бірақ биылғы қымбатшылықтың жөні бір басқа. Шағын дүкендерде көкөністің келісі 450 теңгеден сатылып жатыр. Тұрғындар картоптың бағасы еш уақытта мұндай қымбат болмаған, дейді. Әлеуметтік дүкенде бір келі картоп 200 теңге тұрады екен. Темір жол вокзалына жақын әлеуметтік дүкендердің бірінде дүкеншілер қазір картопқа сұраныс жоғары деп отыр. Шектеу болмағанымен , картоп келген бойда тез өтіп кетеді екен.Дүкеншілер де көтерме бағағадағы картоптың әр келісіне көп болғанда 50 теңге қосып сатамыз дейді. Ең арзан сауда орындарының өзінде баға ұшып тұр.
Количество показов: 45
Дата создания: 09.04.2025 08:52:44