Ақтөбеде молекулалық және жасушалық биотехнологиялар зертханасы ашылды
Атмосфералық ауаны тазарту күн тәртібінде. Ал шаһарымыз ауасы лас қалалардың көшін бастап тұр. Оған түрлі өндіріс орындары мен зауыттардан шығатын түтін мен зиянды қалдықтар себеп. Болашақта осы проблеманы азайтуға және болдырмауға жергілікті ғалымдар жаңа жоба дайындап жатыр. Жиын барысында экологияның өзекті мәселелері талқыланды.Профессордың айтуынша бұл жоба қаламыздың экологиясының жақсаруына алып келеді. Әзірге лабороторияғы қажетті жабдықтар алынған. Жобаның жалпы құны 3 млрд теңге.
Облыс басшысы кеңес аясында өнеркәсіп, университеттер, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы диалог үшін жағдайлар жасалатынын айтты. Облыс әкімі пилоттық жобаларды іске асыруға және жаңа идеяларды енгізуге белсенді көмектесуге дайын екендіктерін жеткізді. Облыстық бюджеттен ғылымды дамытуға арнайы қаражат бөлінді. Бұл шешім Президенттің тапсырмаларын ескере отырып, қабылданды және әкімнің пікірінше, өңірдің ғылыми экожүйесін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Количество показов: 38
Дата создания: 09.04.2025 08:51:02