Ақтөбеде шетелдік мамандар жүрек ақауы бар 8 сәбиге күрделі ота жасады
Туа бітті ауыр жүрек ақаулары бар 8 балаға шетелдік дәрігерлер үміт сыйлады. Облыстық балалар ауруханасында Беларусь республикасынан келген 4 дәрігер ота жасады. Операцияға жергілікті мамандар да қатысты. Ота шетелдік дәрігерлермен тәжірибе алмасу шеберлік сағаты аясында өткізіліп отыр.Шебер-класс 31-наурызда басталған. Ертең соңғы күні. Осы аралықта көпсалалы дәрігерлер тобы әр отаға 8-9 сағаттан арнаған. Ақ халаттылардың сөзінше, туа бітті жүрек ауруына шалдыққан балалар саны жыл санап артып келеді. Соңғы 5 күн ішінде ота жасағандардың бесеуі 3-4 айлық нәресте. Қалған үшеуі 1 мен 7 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Ақтөбе мен Батыс-Қазақстан облыстарынан. Қазір емделушілердің жағдайы тұрақты, дейді мамандар. Кардиореаниматологтардың бақылауында. Шебер-класста отадан өзге жүрек ақауы бар 35 балаға консультациялық тексеру, кардиолог, реаниматолог-анестезиолог дәрігерлерге арналған оқыту семинарлары өткізілді. Шетелдік дәрігерлермен өткізілген шебер сағатты "BI Жұлдызай" қоры ұйымдастырып отыр. "Мүмкіндік" жобасы аясында өткізілді. Астана, Атырау, Ақтау, Шымкент, Түркістан қалаларында да өтеді.
Количество показов: 54
Дата создания: 05.04.2025 09:00:52