Ақтөбеде тұрғын үй қорын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда
Үйіңіз ескірсе, мемлекет тарапынан күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінеді. Бұл тек көпқабатты тұрғын үйлерге қатысты. Ол үшін тұрғындардың 20-30% ы немесе тұрғындардың 70 пайызының келісімі болуы шарт. Мемлекет үй жайлардың иелеріне қайтарымды негізде 7 жыл мерзімге 0,1 пайыздық қарыз түрінде қаржы бөлуге дайын.Бұл- Есет батыр көшесі -№73А үйі. 1968 жылы салынған. 60 жылға жуық уақыт өткен ғимарат әбден тозған. Ескі үй мемлекеттік бағдарлама аясында қайта жаңғыртылып жатыр. Үйдің шатырынан бастап жер төле құбырлары, подъезд іші, үйдің сырты да жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстары былтыр күзде басталыпты. Үйдің термомодернизациясына 75 миллион теңге бөлінген. Тұрғындар алғашында үйді өздері қалыпқа келтірмек болыпты. Алайда, қыруар қаражат пен күш кететінін түсініп, тұрғын үй нспекциясына жүгінген.Жергілікті атқамінерлер модернизация жасауға ұсыныс жасапты.Жалпы тұрғын үй-комуналдық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы 2029 жылға дейін жалғасады. Мақсаты- халықтың өмір сүру сапасын арттыру, қолайлы тұрғын үй жағдайын жасау. Жұмыстарға- инженерлік желілерді жаңарту, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу және үйлердің сапасын арттыру кіреді.
Количество показов: 166
Дата создания: 21.02.2025 07:16:08