Ақтөбеде заңсыз дүңгіршіктер сүрілуде
Ақтөбеде заңсыз сауда нүктелерін алып тастау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері рұқсатсыз орналастырылған 15 сауда дүңгіршегі анықталып, демонтаждалды. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары жергілікті полиция қызметі, кәсіпкерлік және жер қатынастары бөлімдерімен бірге жұмыс жүргізген. Бүгін Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі заңсыз дүңгіршектердің бірі сүрілді. Ал былтыр 160 заңсыз дүңгіршек жұмысын тоқтатты. Демонтаждалған сауда нүктелері мемлекеттік қордың жерінде орналасқан. Басым бөлігінде тез әзірлейтін тамақ, фастфудтар сатылады. Мұндағы өнімдер санитарлық нормалары орындалмағандықтан адам денсаулығына қауіпті. Заңсыз сауда дүкендерінің дені электр желілерінде заңсыз қосып алған. Қалалық коммуникацияларға қосымша ауыртпалық түсіріп отыр, дейді жауаптылар.Жыл басынан бері белгіленбеген орындардағы сауда үшін 30 хаттама толтырылды. Апта сайынғы мониторинг жұмысы жалғасады. Заңсыз сауда нысандарының иелеріне ескерту жасалады. Бұл шаралар рұқсат етілмеген саудамен күресуге, қауіпсіздікті арттыруға және қалалық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.
Количество показов: 227
Дата создания: 20.02.2025 01:18:23