Абайлаңыз, жұқа мұз!
Қыс мезгілінде балық аулаудың өз қызығы бар. Мұны балықшылар жақсы біледі. Бұл кезде қауіпсіздік шараларына баса мән беру керек. Сақтықта қорлық жоқ. Бірінші мұз қатқан бойда балық аулауға шығуға болмайды. Себебі мұз бірден қалың болып қата қоймайды. Мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне жоламаған абзал. Мұздың жекелеген учаскелерінде топтасып жүрмеу керек, мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға мүлде болмайды, дейді құтқарушылар.Айта кету керек, мұздың қаттылығын аяқпен тексеруге қатаң тыйым салынады. Мұны көзбен-ақ анықтауға болады. Яғни, мұздың түсі көк болса, қатты екенін білдіреді, ақ болса, қаттылығы 2 есе аз болады. Ал сұр және күңгірт ақ немесе сарғыш түсті мұзды мүлде баспау керек, дейді құтқарушылар. Өйткені ойылып кетуі әбден мүмкін. Бұл ақпараттарды құтқарушылар тексеріс кезінде барлық балықшыларға айтып жүреді.Балық аулауға шыққан азаматтардың құрал-сайманы түгел болғаны абзал. Мәселен, ысқырық, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр жіп, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон секілді құтқару құралдарын өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Егер өміріңізге қауіп төнсе, бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.Количество показов: 357
Дата создания: 28.01.2025 07:07:03