Аймақта «Volunteer School - 2025» жобасы басталды
Ерікті жастар — қоғам дамуына өз еркімен, ақысыз түрде үлес қосатын белсенділер. Қайырымдылық пен азаматтық жауапкершілікті дамытудың маңызды күші. Түрлі салада білім алатын жастардың мүддесі бір. Өзгеге көмек беру. Осындай 50 студент бүгін Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде бас қосты. Аймақта «Volunteer School - 2025» жобасы басталды. Еріктілер мектебі - облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасы.Шаһарымыздағы колледж, университеттерден жиналған белсенді жастар бір апта бойы еріктілер қызметінің төрт бағыты бойынша теориялық және тәжірибелік жұмыстарға қатысады. Медициналық, әлеуметтік, эко – волонтерлік, құқық бұзушылықтың алдын алу бағыттары қамтылады. 5 күн ішінде студенттер алғашқы медициналық көмек көрсету, қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру, қайырымдылықпен айналысу, құқық бұзушылықтың алдын алу әрекеттерімен танысады.
Облыстық волонтерлар кеңесінің төрағасы Нұрбек Жалғасбаев пен «Ұлттық волонтерлік желі» тренері, Ansar Volunteer тобының жетекшісі Еркебулат Тағанов бүгін түске дейін еріктілерге теориялық білім берді. Түсен кейін "Гиппократ" медициналық волонтерлар тобы тәжірибелерімен бөлісті. Ертең қайырымдылық қорының жұмыстарымен танысып, осы бағыт бойынша іс-шараларға қатысады.
Количество показов: 45
Дата создания: 08.04.2025 08:57:44