Қайырымдылық жасау игі іс
Бүгінгі қайырымдылық акциясына жиналған студент пен оқытушылардың қарасы көп. Олардың барлығы "Мейірімді жүрек" акциясына атсалысып жүр. Студенттер қолдан жасаған қолөнер бұйымдары мен дәмді тағамдарын жәрмеңке сөресіне ұсынып, қайырымдылыққа қажетті қаражат жинап, мұқтаж жандарға табыстамақ. Шара "Ospanov science week" апталығы аясында өтіп жатыр.Бүгінгі қайырымдылық акциясына қаламызға ғана емес елімізге белгілі 28 бала тәрбиелеп отырған Жетесовтер отбасы шақырылды. Дүниеге төрт перзент әкелген ерлі-зайыптылар балалар үйінен 24 балаНы асырап алған. Жетесов Өмірхан мен Ешпанова Амангүл "Шапағат" медалінің иегерлері, Мәдениет саласының үздіктері. Қазір ерлі-зайыптылардың 28 баласы, 8 немересі бар.
Қайырымдылық жасау әрдайым жақсы іс. Мұндағы мақсат- жастарды қайырымдыққа үйрету. Жәрмеңкеде жиналған қаражатты мұқтаж отбасыға, көп балалы отбасыларға таратып беру көзделген. Бұл игі іске университет қабырғасынан 200 ден астам адам атсалысты.
Количество показов: 43
Дата создания: 10.04.2025 07:02:14