Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік" атты республикалық экспедиция мүшелері Ақтөбеде
Әдебиет айдынына келіп қосылған жазушылардың бірі – фольклоршы, этнограф Зейнолла Сәнік. Қаламгер саналы ғұмырын Қытай халық республикасында өткізседе, қазақтың төл әдебиетін жинап-зерттеуді ешқашан тоқтатқан емес. Бүгінгі шарада жазушының еңбектері туралы сөз етілді.Зейнолла Сәнік қазақ тарихына қатысты ұлттық рухани мұраларымызды да кездескен жерінен тауып алып, жинап отырған. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін, салт-дәстүрлеріміз бен музыка тануға қатысты да көптеген зерттеулер жүргізген. Зерттеу жолында қандай қиындықтар юолғанын айтып, аға буын жастарды тәуелсіздік қадірін бағалауға шақырды. Шарада көрнекті ақын Есенғали Раушанов атындағы стипендия тапсырылады. Жазушылар одағына жаңадан қабылданған жергілікті қаламгерлерге Одақтың мүшелік билеттері мен төсбелгілері табыс етіледі.
Количество показов: 40
Дата создания: 09.04.2025 08:49:01