Бау-бақша ұжымының тұрғындары уәде етілген көгілдір отынды әлі күтіп жүр
![]() |
УВД-3 бау-бақша ұжымының тұрғындары "АзияГазМонтаж" ЖШС-нің басшыларына наразы. Компания аталмыш ауданға газ желісін жүргіземіз деп қара халықтың қаржысын жинап алған. Көгілдір отынды желтоқсанның аяғына дейін жеткіземіз деп уәде де беріпті. Алайда көпшілік көптен күткен көгілдір отынға әлі қол жеткізе алмай отыр. Аталмыш ауданға газ желісін жүргіземіз деп "АзияГазМонтаж" ЖШС әр отбасыдан 180 мың теңгеден қаржы жинаған. Көгілдір отынды көптен күткен көпшілік көп ойланбастан әлгі компанияның сұраған қаржысын жинап та беріпті. Көрсетілетін қызметке қатысты мердігермен арада арнайы келісім-шартта жасалған. Алайда кәсіпкер халықтың қаржысын қалтаға басқаннан басқа қарымды іс тындырмапты. "АзияГазМонтаж" ЖШС директоры Іңкәр Мықтығұлованың айтуынша аталмыш ауданға газ желісін жүргізу жұмыстары басталған. Келісім-шартта көрсетілген 58 үйдің 11-ін көгілдір отын көзіне қосып та үлгеріпті. Алайда қаржының жетіспеушілігі қалған жұмыстарға қол байлау болып тұрған сыңайлы. |
Количество показов: 2554
Дата создания: 27.12.2012 19:07:27