Облыстық мәслихаттың кезекті отырысы өтті
Бруцеллезге шалдыққан малдың еті саудаға шығарылып жатыр. Әрбір үшінші ірі қараның еті жеуге жарамсыз. Алдын алу шараларын күшейту қажет. Бүгін облыстық мәслихат депутататры мал басын жайлаған індет мәселесін алға тартты.Облыстық мәслихат депутаты Самат Қалдұғұлов бурцуллезге қан алған кезде әрбір үшінші ірі қарадан жұқпалы індет анықталғанын айтады. Халық қалаулысы 2 мыңнан астам ауру анықталған малдың жартысына жуығының еті сатылып кетті деп отыр. Бақылау күшеймесе мал індеті адамға жұғып, эпидемиологиялық жағдай ушығып кетуі мүмкін дейді депутат.
Ұсақ мал да бурцуллезден сау емес. Мыңға жуық мал басынан індет анықталған. Көзі жойылған мал құнының 30 пайызы ғана өтеледі. Шаруалар үшін де шығын шаш етектен. Дегенмен облыстың бас ветеринары депутат алға тарқан мәселе дәлелсіз деп отыр.
Бруцеллезге шалдыққан малдың еті сатылып жатыр деген ақпаратты ветеринариялық инспекция басшысы теріске шығарды. Облыстық мәслихаттың шешімімен жергілікті бюджеттен 13 ветеринариялық бекет, мал өлекселерін өртеуге арналған 2 жылжымалы инейнератор, 10 бірлік арнайы автокөлік сатып алуға 496 420 мың теңге қаржы бөлінген.
Количество показов: 232
Дата создания: 20.02.2025 12:22:40