Әскери шеру-ел айбыны
Бір сәтте сапқа тізілген 170-тен астам курсанттың аяқ дыбысы үнсіздікті бұзып, парадқа бастар үлкен жолға шықты. Жүректерінде тебіреніс. Бір жағынан қуаныш. Туған жерге деген шынайы махаббат.Сап түзеген бұл бозбалалар - Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының бірінші және екінші курс курсанттары. Бәрінің мақсаты бір - Астанада өтетін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысу. Жігіттер маңызды шараға сақадай сай. Әр курсантқа жүктелген жауапкершілік жоғары. Бұл - жай ғана салтанатты шара емес, бұл біз үшін абырой дейді бозбалалар. Сондықтан курсанттар шеруге сынақ тапсыратындай дайындықпен аттанды.
Количество показов: 44
Дата создания: 10.04.2025 06:58:59