Жұмысшы-мерейлі мамандық
Қандай еңбек болса да, құрметке лайық. Өйткені, ол еңбектің әрқайсысына маңдай тер сіңген.Жұмыстың қайсы болмасын маңызды. Дәнекерлеушінің, тазалықшының, механиктың жұмысы қандай құнды болса, мұғалім, дәрігер, ақынның да еңбегі құнды. Жұмысшы мамандықтары бағаланатын мемлекеттер, әдетте, экономикалық дамуы жоғары, әлеуметтік теңдікке көңіл бөлетін елдер. Бүгінгі ұйымдастырылған шараның мақсаты да- жұмысшы мамандықтарын дәріптеу.
Шараға 9-10-11 сыныптардан 40 оқушы қатысып жатыр. Олар өздерін флористика, электромонтаж, электроника және шаштараз өнері бойынша сынап көрмек. Даяна да бүгін өзін флорист ретінде көрмек. Көздің жауын алатын букетті қалай жинайды екен, сол маға қызық. Бүгін сол қызығушылығымды іс жүзінде орындап көремін,-дейді ол.
Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі шараны жылда ұйымдастыруды дәстүр қылған. Бұл оқушылар арасында мамандық таңдауға, тура бағыт таңдауға көмектеседі дейді ұйымдастырушылар.
Колледжде қазір 600-ге жуық студент білім алып жатыр. Ал жыл сайын 200 студент жұмысшы мамандықтары бойынша оқуларын аяқтайды.Колледж студенттері өндіріс, құрылыс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы сияқты түрлі салаларда еңбектерін жалғастырып кетеді.
Количество показов: 46
Дата создания: 10.04.2025 07:09:23