Жауынгерлер ел жадында
Бүгінгі күннің маңыздылығы зор. Себебі- Ішкі әскерлер жауынгерлері үшін 7 сәуір қайғылы күнге айналған уақыт. Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығыста 17 жауынгер қаза тауып, көпшілігі жараланды. Бүгін қаламыздағы №66/55 әскери бөлімінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алу рәсімі өтті.Қиын-қыстау уақытта көрші мемлекетке көмек қолын созуға 9635 қазақстандық барған. Оның ішінде 300-ге жуығы ақтөбелік. Қарулы қақтығыс кезінде аман қалғандардың бірі Нұрғиса Құлтаев. Жерлесіміз 1992-2001 жылға дейінгі шиеленіс кезінде батырлығымен көзге түскен. Жырақтағы қақтығыс 17 қазақстандықтың өмірін қиды. 33 жауынгер жараққаттанды. Бұл күн- Тәжік-Ауған шекарасында қызмет еткен ардагерлер үшін ауыр естелік іспеттес. Еске алу шарасына 60 қа жуық ардагер келді. Тарих бетінде қалған датаны олар қаза болған жолдастарына гүл шоқтарын қоюмен және оларды еске алумен өткізді.
Ауа райына қарамастан бүгінгі шараға жиналған халықтың қарасы көп. Дені- қаза болған жауынгерлердің туған-туыстары. Есімі ұмытылмас батырлықпен көз жұмған туыстарын еске алып, мәңгі алаудың алдына гүл шоқтарын қойды.
Количество показов: 46
Дата создания: 08.04.2025 08:55:34